Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 7, 8 және 9 қазан күндеріне арналған Қазақстанның үш ірі қаласы – Алматы, Астана және Шымкент бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Егер Шымкентте күн +25°С-қа дейін жылынса, елорда мен Алматы тұрғындары аязды сезінеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана
7 қазан: бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз желдің екпіні 7-12 м/с дейін жетеді. Түнде -0…-2°С, күндіз +10…+12°С.
8 қазан: бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2…-4°С, күндіз +7…+9°С.
9 қазан: бұлтсыз ауа райы сақталады, желдің жылдамдығы шамамен 10 м/с. Түнде -2…-4°С, күндіз +10…+12°С.
Алматы
7 қазан: ауа райы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде -1…-3°С шамасында аздаған үсік, күндіз +14…+16°С.
8 қазан: жауын-шашынсыз. Түнде +1…+3°С, күндіз +13…+15°С.
9 қазан: бұлтты, жел 3-8 м/с. Түнде +3…+5°С, күндіз +15…+17°С.
Шымкент
7 қазан: Аспан ашық, жауын-шашынсыз. Жел екпіні – 5-10 м/с. Түнде +6…+8°С, күндіз +23…+25°С.
8-9 қазан: Ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің екпіні 13 м/с дейін күшейеді. Түнде +8…+10°С, күндіз +23…+25°С.
Сондай-ақ синоптиктердің хабарлауынша, алдағы үш күнде елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, түнде ауа температурасы -13°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Ал қалған аймақтарда ашық, жылы және жауын-шашынсыз күн райы сақталады.
Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?