7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Енді қазақстандықтардың есепшотына әр түрлі 100 тұлғадан үш ай көлемінде мобильді аударым жасалса, онда ол адам екінші деңгейлі банктердің назарына ілігеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қаржы министрлігінің Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы Қаржы министрлігінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
Ел тұрғындарының есепшотына ай сайын 100 немесе одан көп тұлғадан 3 ай қатарынан мобильді аударым жасалса, сонда ғана тұлға екінші деңгейлі банктің назарына ілігеді, – деді сарапшы.
Сондай-ақ, Қаржы министрлігі Ұлттық банкке шектік мөлшері 255 мың теңге болатын ұсыныс тастаған.
Ел ішінде «мобильді аударым 255 мыңнан асса бақылауға алынады» деген сөз тарап жүр. Оны былай түсіндірейін. Егер белгілі бір тұлға ай сайын 100 немесе одан көп адамнан 3 ай қатарынан мобильді аударым қабылдаса және олардың жалпы қаражаты 255 мыңнан асса ғана назарға ілінеді. Бұл өте аз соммаларды бақылаудан алу мақсатында жасалған. 255 мың теңге дегеніміз ол ең төменгі жалақы мөлшерінің үш айлық көрсеткіші. Бірақ бұл норма әлі күшіне енген жоқ. Ол Ұлттық банкпен келіскеннен кейін барып қарастырылатын мәселе, – деді Ерсайын Көптілеуұлы.
Айта кетейік, мобильді аударымдарды бақылауға алу көлеңкелі бизнесті анықтауға бағытталған.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?