30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАқмола облысындағы 24 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 100 млн теңге бөлініп, сметалық құжаттары әзірленіп жатыр, деп хабарлайды EL.KZ Хабар-24 арнасына сілтеме жасап.
Бұл мәселені «AMANAT» партиясы бақылауға алған.
Қазір саяси бірлестік өкілдері аймақтарды аралап, мемлекет қаражатына жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысып жүр. Солардың бірі Сандықтау ауданының орталығы Балкашино ауылындағы стадион құрылысы. Іргетасы 1982 жылы қаланған спорт нысаны осы уақыт аралығында бірде-бір жөндеу көрмеген. Футбол, волейбол және баскетбол алаңдары жаңартылып, жеңіл атлетикамен шұғылдануға жағдай жасалады. Құрылыс барысымен танысқан соң Мәжіліс депутаты Асқарбек Үйсімбаев өңір тұрғындарымен жүздесті. Жалпы Ақмола облысының 6 ауданындағы 13 елді мекен халқымен кездесіп, бірқатар кәсіпорын мен әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты. Оның айтуынша, ақмолалықтар үшін қазір ауыз су күрделі мәселенің бірі.
Су мәселесі бойынша біз Парламентте парламенттік сағат өткіздік. Онда осы Ақмола облысы бойынша 14,6 млрд керегін мен оған түсіндіріп айттық. 24 елді мекен бар. 14 565 адам тұрып жатыр. Олардың техникасы жоқ істейтін. Сондықтан әлсін-әлсін сусыз қалып отыр. Осы мәселе күрделі мәселенің біреуі. Биыл жүз млн бердік, қалғанын ендігі жылы береміз деп отырмыз. Енді ол проект бойынша. Ол да шешімін тапса ол да үлкен нұр үстіне нұр - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқарбек Үйсімбаев.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды