Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕліміздің әр өңірінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. 240-тан астам педагог Оқу-ағарту министрінің атынан ведомстволық наградалармен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғани Бейсембаев ұстаздарға көп жылғы адал еңбектері мен білім саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Білім саласы – болашақтың негізі, оның басты тірегі – бар күш-жігері мен білімін баланы оқытып, тәрбиелеуге жұмсайтын ұстаздар қауымы. Әр баланың тұлғалық қалыптасуының бастауында сіздер тұрсыздар, еліміздің білімді, рухани бай ұрпағын қалыптастырып келесіздер. Ұстаздық қызметтегі кәсіби шеберліктеріңіз үшін шынайы ризашылығым мен шексіз құрметімді білдіремін, - деді еліміздің бас ұстазы.
Министрлік мәліметінше, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен «Үздік педагог» атағының иегерлері болып табылатын 190 педагог-шебер марапатталды. 20 педагогке «Еңбек ардагері» медалі тапсырылды. 700-ден астам педагог «Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет» грамотасына және Алғыс хатқа ие болды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары