02.03.2024
02:27
3093
24 жастағы банк қызметкері тұрғындардың 35 млн теңгесін жымқырған

24 жастағы банк қызметкері тұрғындардың 35 млн теңгесін жымқырған

Абай облысында алаяқтық жолмен тұрғындардан 35 млн теңге жымқырған тұрғын ұсталды. 24 жастағы әйел банк қызметкері болып жүріп айласын асырған, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Аягөз қаласының тұрғыны банк және тұрмыстық техника дүкендерінің клиенттеріне тауарлық және ақшалай несие берген. Күдікті несие алуға онлайн өтінім беріп, қажетті соманы ақшаны банктегі өзінің шотына аударып отырған. Ал клиентке несие беруден бас тартқанын хабарлаған.

Қала тұрғыны 200 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін тауарлық несие алған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 35 млн теңгеден астам.

Сот оны кінәлі деп тауып, Қылмыстық кодекстің 190-бабымен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған әйелдің кәмелет жасқа толмаған үш баласы бар екенін ескеріп, үкімнің орындалуы 1 жыл 6 ай мерзімге қалдырылды. Сотталған қазіргі уақытта Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұр.

Сотталғанмен үнемі психологиялық тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта тұрақты жұмыс орны бар. Алған жалақысынан үкімде көрсетілген қарыздарын қайтару үстінде, – деді Аягөз аудандық пробация қызметкерінің бастығы Ермек Қалиев.

Оқи отырыңыз: