Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазгидромет 24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қар жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі.
Алматыда түнде және таңертең тұман болады.
Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Облыстың шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 17-22 м/с болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с болады.
Ақтөбе облысының оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші - 15-20 м/с.
Шымкентте күннің екінші жартысында, түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. 24-25 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?