23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Қазгидромет» 24 қараша күні Қазақстан аумағындағы ауа райына қатысты болжамын жариялады. Елдің бірнеше өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа райы тұрақсыз болып, әртүрлі сипаттағы жауын-шашын түседі.
Солтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын — жаңбыр мен қар аралас жауын күтіледі.
Ауа райының қолайсыз белгілері бірнеше өңірді қамтиды: солтүстік, шығыс, орталықта — төмен қоғалды боран, солтүстік пен шығыста — көктайғақ, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс аймақтарда — жел күшейеді.
Мұндай жағдайда автожүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, жолда ерекше сақ болу ұсынылады.
Қазақстанның қалған өңірлерінде ауа райы салыстырмалы түрде тыныш, жауын-шашынсыз, бірақ тұман түсетін аймақтар бар.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады