6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Қазгидромет» синоптиктері 24 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі, еліміздің оңтүстік бөлігінде жел екпін алып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түркістан облысының тау асуларында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп күтіледі.
Астанада аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -1...-3°С.
Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-5 м/с, күндізгі екпіні - 8 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +5...+7°С.
Шымкентте аспан бұлтт, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -1...+ 1°С, күндіз: +11...+13°С.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі