6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖамбыл облысында полицейлер 24 келіден астам есірткі тасымалдаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2024» профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Меркі ауданының құмды аумағында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде KIA автокөлігін тоқтатты. 28 жастағы жүргізушінің басқаруындағы автокөлік құмды аймақтан Тараз қаласына қарай бара жатқан. Көліктің ішінде облыс орталығының тұрғындары – 24, 26 және 28 жастағы үш жолаушы болған.
Автокөлікті тексеру кезінде көліктің жүк салатын бөлігінде жалпы салмағы 24 келі 160 грамм кептірілмеген марихуана есірткі заты салынған 4 полипропилен қапшық тәркіленді.
Қазіргі уақытта есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталғандар өз кінәларын мойындады. Меркі ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі