Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҚазақстанда табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек аясында бірқатар қолдау шарасы қарастырылған. Оның ішінде ақшалай төлеммен қатар, жұмысқа орналасуға, кәсіптік білім алуға және жеке іс бастауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ кішкентай балалары бар отбасыларға қосымша төлем беріледі. Биыл бұл көмекті жүздеген мың қазақстандық пайдаланған.
2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 40,4 мың отбасының 218,2 мың мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша төлемдердің жалпы көлемі 23,1 млрд теңгеге жеткен. Мемлекет аз қамтылған азаматтарға қаржылай қолдау көрсетумен қатар, еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға, кәсіби білім алуға және жеке кәсіп бастауға мүмкіндік береді.
Атаулы әлеуметтік көмекке қанша қаражат бөлінді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) мемлекеттік бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.
Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек 40,4 мың отбасының 218,2 мың мүшесіне тағайындалды. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тағайындалған көмектің жалпы сомасы 23,1 млрд теңгені құрады, – деп хабарлады министрлік.
АӘК – табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының бірі. Оның мақсаты – табысы төмендеген отбасылардың қаржылық жағдайын жеңілдетумен қатар, олардың өз кірісін арттыруына жағдай жасау.
Әлеуметтік көмек отбасының табысына қарай тоқсан сайын тағайындалады.
Балаларға қосымша төлем беріледі
АӘК алатын отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға негізгі әлеуметтік көмектен бөлек ай сайын қосымша төлем қарастырылған. Оның мөлшері әр балаға 1,5 АЕК-ті құрайды.
1 қыркүйектегі мәлімет бойынша мұндай төлем 67,8 мың мектеп жасына дейінгі балаға тағайындалған. Осы мақсатқа жұмсалған қаражат көлемі 2,5 млрд теңгеге жетті.
Жұмысқа орналасуға және кәсіп бастауға көмектеседі
Атаулы әлеуметтік көмек тек ақшалай төлеммен шектелмейді. Еңбекке қабілетті азаматтарға олардың жағдайына қарай жұмыспен қамту шаралары ұсынылады.
Азаматқа жеке жағдайына байланысты жұмысқа орналасу, кәсіптік оқудан өту немесе біліктілігін арттыру ұсынылуы мүмкін. Сондай-ақ жеке ісін бастағысы келетін азаматтарға грант алу мүмкіндігі қарастырылған, – деп түсіндірді ведомство.
2026 жылдың алғашқы сегіз айында АӘК алушылар қатарындағы 6 565 еңбекке қабілетті азамат жұмыспен қамтылған.
Осылайша, мемлекеттік қолдау отбасының қазіргі қаржылық қиындықтарын жеңілдетуге ғана емес, еңбекке қабілетті мүшелерінің тұрақты табыс табуына мүмкіндік жасауға бағытталған.
АӘК-ке қалай өтініш беруге болады?
Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына немесе ауылдық округ әкіміне жүгіне алады. Өтінішті электронды үкімет порталы арқылы онлайн беруге де мүмкіндік бар.
АӘК тағайындау кезінде отбасының табысы есепке алынады. Егер жан басына шаққандағы табыс белгіленген кедейлік шегінен аспаса, отбасы мемлекеттік қолдауға үміткер бола алады.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес