22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды2025 жылдың мамыр айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 86 мың бос жұмыс орны мен 110 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда олардың саны сәйкесінше 11,8% және 4,3%-ға азайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, орташа білікті мамандар тапшылығы байқалды – сұраныс ұсыныстан 16%-ға асып түсті. Сонымен қатар, жоғары білікті лауазымдарға жұмыс берушілердің ұсыныстарынан сан жағынан асып түсетін жұмыс іздеушілер тарапынан бәсекелестік күшейді.
Жалақы бойынша ең көп ұсыныстар:
Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы сұрағандар:
Жұмыс берушілердің ең жоғары белсенділігі Астана қаласында (барлық бос жұмыс орындарының 11,5%-ы), Түркістан (7,5%) және Павлодар (7,1%) облыстарында тіркелді. Бірқатар өңірде бос жұмыс орындарының саны төрттен бірінен астамға қысқарды: Батыс Қазақстан облысында – 36%-ға, Алматыда – 35%-ға, Маңғыстауда – 34%-ға, Ұлытауда – 25%-ға.
34 жасқа дейінгі жастар жұмыс іздеушілердің ең белсенді санаты болып қалды – олар барлық түйіндемелердің 44%-ын құрайды (110 мыңның 48,6 мыңы). Олардан кейін орта жастағы үміткерлер (37%). Жынысы бойынша барлық жұмыс іздеушілердің 52,8%-ын әйелдер, 47,2%-ын ерлер құрайды, - делінген мәліметте.
Жұмыс іздеушілер белсенділігінің төмендеуі Алматы қаласында (-28%) байқалды, басқа өңірлердің көпшілігінде төмендеу көрсеткіші 15%-дан аспады.
Сұранысқа ие мамандықтардың ішінде тәртіп сақшыларына (1,8 мың бос орын), медбикелер (1,7 мың) мен жүргізушілерге (1,5 мың) сұраныс сақталды.
Айта кетейік, бұған дейін ведомство басшысы Светлана Жақыпова 3 мыңнан астам кәсіпорын еңбек тәуекелі аймағынан шығарылғанын айтқан. Сонымен қатар Skills Enbek платформасында 247 мыңнан астам қазақстандық оқытылды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев