23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақмолада жас жігіт алаяқтықты кәсіп еткен. Ол жоқ пәтерлерді жалға берумен айналысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктіні криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі ұстады.
Бұрын алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған ер адам Instagram әлеуметтік желісінде және Крыша.kz сайтында пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Банктік картасына алдын ала төлем алғаннан кейін клиенттердің телефон нөмірлерін бұғаттап отырған.
Жалпы алғанда ол пәтерлік алаяқтықтың 8 фактісіне күдікті болып отыр. Оның алтауы Ақмола облысының аумағында жасалған – деді Ақмола облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ермек Манатов.
Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз:
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік