30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБүгін 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, бейбітшілік пен берекенің бастауы саналатын көктем мерекесі. Бұл күн – табиғат пен адамның үйлесімін, ізгілік пен мейірімділікті дәріптейтін ерекше мейрам, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді.
Наурыз мейрамы қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл түркі жұрты мен Шығыс халықтары үшін де үлкен маңызға ие. Бұл күні адамдар бір-біріне ақ тілектерін айтып, дастархан жайып, ұлттық тағамдар әзірлейді. Көпшілік Наурыз көже пісіріп, алтыбақан құрып, ұлттық ойындар ұйымдастырады.
Қазақ халқы бұл мерекені «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Ежелгі наным-сенім бойынша, дәл осы күні әлем жаңарып, барша тіршілік иесі жаңа өмірге қадам басады.
Ұлыстың ұлы күнінде ренжіскен жандар татуласып, үлкендерден бата алынады. Көшпелі халықтар үшін Наурыз – жаңа жылдың бастауы саналған, өйткені бұл кезде күн мен түн теңеліп, табиғат қайта жаңарады.
Айта кетсек, Наурызнама онкүндігі аясында бүгін Жыл басы күні атап өтіледі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды