Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс217 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан. Бұл туралы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Жомарт Асқаров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жыл басынан бері еліміздің 10 өңірін су басқан.
Шымкент қаласында 2 тұрғын үйді және Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 28 саяжай үйді су басты. Саяжайларда қыста ешкім тұрмайды және су жолағында орналасқан. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы, Абай, Атырау, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарындағы тұрғын үйлердің аула аумақтарын су басу фактілері тіркелді, - дейді Жомарт Асқаров.
Сөзінше, автомобиль жолдарындағы 10 учаскені су басты. Қазіргі таңда жолдарда жағдай тұрақталды. Жомарт Асқаровтың айтуынша, қазіргі таңда зардап шеккендер жоқ, барлық елді мекендерде көлік қатынасы бар.
Су басуға табиғи факторлардан басқа су бұру арналарының, арықтардың, зардап шеккен елді мекендер ішінде арық-дренаж жүйесінің болмауы немесе өткізу қабілеттілігінің төмендігі ықпал етті. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен су басу қаупін азайту бойынша жедел шаралар қабылданды. 89 мың текше метрден астам су тартылды, уақытша бөгет ретінде 2140-тан астам қап төселді, - дейді ТЖМ өкілі.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды