Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрДидар Смағұловтың Facebook-парақшасында жариялаған жазбасына сәйкес, Үштөбе қаласында 350 метрлік жолды жөндеуге бюджеттен 21 миллион теңге бөлінген. Оның үстіне, көшенің қазіргі жағдайы сын көтермейді.
Ескі асфальт толығымен сүрілген, бірақ жаңасын төсемепті, осылай да болады деген сияқты. Бұл "жұмыс" үшін 21 миллион 333 мың 527 теңге төленбесе, күлкілі болар еді. Жергілікті Антикор асфальттың бар-жоғын анықтау үшін Мемлекеттік аудит басқармасына хатымызды жіберді, - деп жазады "Әділдік жолы" жетекшісі.
Қаратал ауданы әкімдігі Амангелді көшесін жөндеу жұмыстары 2020 жылы жүргізілгенін хабарлады. Алайда мердігердің салғырттығынан қазір сот процесі жүріп жатыр.
2020 жылы Үштөбе қаласындағы Амангелді көшесіне 21,3 миллион теңгеге "Таған" ЖШС орташа жөндеу жұмыстарын жүргізсе, 2021 жылы осы көшенің бойында асфальт жабынының бұзылуына және шұңқырлардың пайда болуына байланысты мердігер міндеттемелерін орындамағаны туралы талап-арыз берді. Сот шешімі 2022 жылдың 28 қаңтарында шықты. Бүгінде сот шешімін орындау жеке сот орындаушылары қолында. Бұл мәселе аудан басшылығының тұрақты бақылауында, - деді әкімдіктегілер.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова