Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБүгін елімізде мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мереке – ұлт руханиятының өркендеуіне, мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мәдениет және өнер саласы қызметкерлеріне құрмет көрсету күні.
Мәдениет ордаларында қызмет етіп, халықтың рухани өміріне серпін беріп отырған барлық сала мамандарына шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз – ел руханиятының іргетасы, ұрпақ тәрбиесінің маңызды тетігі.
Осы ретте Мәдениет және ақпарат министрлігі кәсіби мамандарды төл мерекелерімен құттықтайды.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан аумағында 7600-ден астам мәдениет ұйымы халыққа қызмет көрсетуде. Бұл мекемелерде 58 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Елдің рухани дамуына серпін беріп отырған осы ұйымдардың арасында 3890 кітапхана, 57 театр, 231 мұрағат, 275 музей, 2994 мәдени-демалыс орталығы, 113 кинотеатр, 36 концерттік ұйым және 4 цирк бар.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?