Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік2030 жылға дейін қазақстандықтардың 65 пайызын газбен қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz «Атамекен» ҰКП сілтеме жасап.
Көгілдір отынға бірінші кезекте еліміздің орталық және солтүстік өңірлері қосылады. Жоспарға сай, газ өндіру көлемі артады. Яғни, бүгінгі 29,4 млрд текше метрден, 2030 жылға қарай 42 млрд текше метрге дейін. Сондай-ақ, көгілдір отын тасымалдауға арналған инфрақұрылымның 25 пайызы жөндеуден өтпек.
«Жоспарға қарамастан, іс жүзінде өндірілетін шикі газдың үштен бірі оны өндіру ісінде энергия көзі ретінде қайта жұмсалатынын ұмытпаған жөн. Бұл орайда көгілдір отын өндіретін кәсіпорындардың техникалары мен қажетті құрал-жабдықтарына кететін энергияны басқа көздерден алуды қарастыру маңызды. Осылар жүйелі жолға қойылса, онда газ көлемін жылына 33 млрд текше метрге дейін арттыруға болады», - деді «Атамекен» палатасы базалық салалар департаментінің басқарушы директоры Дінмұхамед Құдайбергенов.
Бұл бағыттағы жұмыстарды шешу үшін кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдерін тартуды, оларды ынталандыру шараларын бекітуді ұсынып отыр.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді