6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТәжікстан астанасы Душанбеде электр самокаттар мен скутерлердің қозғалысына 2030 жылға дейін тыйым салынды. Бұл шешім қаладағы жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қалалық халық депутаттары мәжілісі қабылдаған қаулыға сәйкес, Душанбеде мемлекеттік тіркеуден өтпеген электр самокаттар, электроскутерлер және өзге де жеке электр көліктерінің автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер аймақтарында жүруіне рұқсат берілмейді.
Қозғалысқа тек арнайы бөлінген аймақтарда ғана рұқсат етіледі.
Душанбе қалалық ішкі істер басқармасы (ІІБ) мәлімдемесінде: «Бұл шешім электр самокаттар мен скутерлердің ретсіз пайдаланылуын азайту, олардың қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу, көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына кедергі келтірмеу және барлық жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында қабылданды», — делінген.
ІІБ дерегінше, жыл басынан бері Душанбеде электр самокаттар мен скутерлердің қатысуымен 26 жол апаты тіркелген, нәтижесінде 3 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі