Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2029 жылға қарай мектеп бітірушілердің саны екі есеге артатынын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Саясат Нұрбектің сөзінше, мектеп бітірушілердің көбеюі жоғары оқу орындарында оқу кабинеттері мен жатақхана тапшылығына әкеледі.
Заманауи инфрақұрылымды құру және зертханалық құралдарды жаңарту өзектілігі артып келеді. Бұл ретте, 20 жоғары оқу орнының базасында академиялық шеберлік орталықтарын құру, ҚазҰУ-град, ЕҰУ-град кампустарын салу, Қонаев қаласында академиялық қалашық құру жобалары жүзеге асырылуда, – дейді Ғылым және жоғары білім министрі.
Саясат Нұрбек бір жыл ішінде мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, жобаларды қаржылық қамтамасыз ету және жер телімдерін бөлу мәселесі пысықталады деп отыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?