Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліХОК 2028 жылғы Олимпиадаға арналған бокстағы жаңа салмақ дәрежелерін бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық олимпиада комитеті Олимпиада ойындарындағы бокс салмақ дәрежелерінің құрылымын ресми түрде өзгертті. Бұл жаңашылдықтар 2028 жылдың 14-29 шілде аралығында Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада күшіне енеді.
Олимпиада тарихында алғаш рет ерлер мен әйелдер саны тең болады - әрқайсысы 124 қатысушыдан. Бұл шешім ХОК-тың Олимпиада ойындарында гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған әрекеттерінің бір бөлігі.
Әйелдерге арналған салмақ дәрежелері (124 боксшы):
51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг
Ерлерге арналған салмақ дәрежелері (124 боксшы):
55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг, +90 кг
Осылайша, әйелдер бағдарламасы бес салмақтан жетіге дейін кеңейтілсе, ерлер бағдарламасы сегізден жетіге қысқартылды.
2024 жылғы Париж Олимпиадасында салмақ дәрежелері мынадай болған:
Әйелдер: 50 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 66 кг, 75 кг
Ерлер: 51 кг, 57 кг, 63,5 кг, 71 кг, 80 кг, 92 кг, +92 кг
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс