2027 жылы студенттердің шәкіртақысы қанша болады?

2027 жылы студенттердің шәкіртақысы қанша болады?

Асқар Таудай
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

2027 жылы Қазақстандағы бакалавриат, магистратура, докторантура және басқа да білім деңгейлерінде оқитын студенттердің мемлекеттік шәкіртақы мөлшері қандай болатыны белгілі болды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өзгермейді. Яғни төлемдер 2025–2026 жылдардағы деңгейде сақталады.

2027 жылғы шәкіртақы мөлшері

Студенттер ай сайын мынадай мөлшерде мемлекеттік шәкіртақы алады:

Жоғары шәкіртақы кімдерге беріледі?

Аралық аттестаттау қорытындысы бойынша тек «өте жақсы» баға алған бакалавриат және магистратура студенттеріне жоғары мемлекеттік шәкіртақы төленеді. Оның мөлшері негізгі шәкіртақыдан 15 пайызға артық.

Осыған сәйкес, жоғары шәкіртақы мөлшері:

Сонымен қатар әлеуметтік санаттағы білім алушылар үшін де шәкіртақыға қосымша үстемақылар қарастырылған. Көру және есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар студенттердің шәкіртақысына 75 пайыз, ал жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 30 пайыз үстеме қосылады.

Докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеден асуы мүмкін

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы бес жылда студенттердің шәкіртақысын көтеру жоспары бар екенін айтқан болатын.

Соның ішінде 2030 жылға қарай докторанттардың ай сайынғы шәкіртақысын 500 мың теңгеден асыру жоспарланып отыр.

Қазақстанда бұған дейін шәкіртақыны кезең-кезеңімен арттыруға бағытталған бес жылдық бағдарлама жүзеге асырылды. 2026 жылғы наурызда Саясат Нұрбек Үкімет брифингінде бұл жұмысты қайта жалғастыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Колледж студенттеріне көрсетілетін қолдау артты

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде де студенттерді әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтіліп келеді.

Елдегі 763 колледжде 556 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Соңғы үш жылда жұмысшы біліктіліктері бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 3,7 пайызға артып, 131,4 мың орынға жеткен.

Колледждерге қабылдау көрсеткіші де 5,8 пайызға өсіп, студенттер саны 57,8 мың адамға көбейген. Ал жұмысшы мамандықтары бойынша оқу бітірген түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 3 пайыздық тармаққа өсіп, 68 пайызға жеткен.

Студенттерді әлеуметтік қолдау аясында колледж студенттерінің шәкіртақысы екі есеге ұлғайып, 43 мың теңгеге жетті. Сонымен бірге студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету деңгейі 10 пайызға артып, 95,4 пайызды құрады.

Бұл көрсеткіштер техникалық және кәсіптік білім беру саласын қаржыландыру, кадр даярлау және студенттерді әлеуметтік қолдау көлемінің ұлғайғанын көрсетеді.

Оқи отырыңыз

{