2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл Қазақстанда автокөліктерді торапты жинақ әдісімен шамамен 20%-ға, келесі жылы – 30%-ға, 2026 жылы 40% дейін құрастыру көзделген.
Осыған байланысты Қостанай және Алматы қалаларындағы шағын өнеркәсіптік аймақтардың алаңдарында автокомпоненттік базаны дамыту бойынша жобалар пысықталуда. Орындықтар өндірісі бар, Қытай автомобильдерін шығаратын көп брендті зауыт салу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұдан басқа көлік құралдары үшін пластикалық бөлшектер мен мультимедиялық жүйелер өндіретін кәсіпорындарды пайдалануға беру жоспары бар. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәнекерлеу және бояу жөніндегі операциялар Қазақстан аумағында өндірілетін әрбір автомобиль брендінде игерілетін болады, - деп түсіндірді Шарлапаев.
2027 жылға қарай шағын торапты құрастыру әдісімен шамамен 200 мың бірлік автомобиль шығару жоспарланған.
Министр сонымен қатар өндірілген автомобильдер желісі «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Jetour (2024 ж.) маркасымен толықтырылып, чехиялық «Skoda» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.
Ведомство басшысының сөзінше, «Astana Motors» компаниялар тобы 2025 жылға дейін іске қосылуы жоспарланған өндірістік желіні ұйымдастыру үшін «Changan», «Chery», «Haval» секілді қытайлық танымал брендтерді тартты.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова