Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖақын арада Apple жаңа iPhone 17 желісін көпшілікке таныстырады, ол айтарлықтай жаңартылған дизайнмен шығады. Бірақ Bloomberg журналисі Марк Гурманның айтуынша, бұл бастамасы ғана. Ал 2027 жылы iPhone мүлде жаңа деңгейге шығып, танымастай өзгермек, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Apple үш кезеңнен тұратын стратегия ұстанып отыр. Осы жылы алғаш рет ультражұқа iPhone 17 Air жарыққа шығады. Оның дизайны ерекше болғанымен, бірқатар шектеу бар:
Дегенмен дәл осы құрылғы Apple-дің болашақтағы «жұқа смартфондар дәуіріне» жол ашпақ.
Келесі жылы Apple өзінің алғашқы қатталмалы iPhone-ын таныстырмақ. Бұл серия тарихындағы ең ірі жаңалық болмақ. Смартфон «кітапша» пішінде жасалып, пайдаланушыға екі экран қолжетімде болады:
Алайда бұл құрылғыда да бірқатар шектеу бар:
Қалыңдығы бойынша:
жабық күйде – 9-9,5 мм;
ашық күйде – небәрі 4,5-4,8 мм, яғни iPhone 17 Air-дан да жұқа.
macrumors.com
Apple ең ауқымды өзгерістерді 2027 жылы, iPhone сериясының мерейтойына арнап отыр. Бірақ әңгіме қатталмалы модельдер жайлы емес.
2027 жылы алғаш рет төрт жағынан толық иілген экраны бар, алдыңғы бөлігінде мүлде жақтауы жоқ және ойықсыз iPhone жарыққа шығады. Смартфон біртұтас шыныдан жасалғандай әсер қалдырады.
macrumors.com
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?