6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2027 жылы Қазақстаннан қажылыққа аттанатын азаматтардың сапарын төрт туроператор ұйымдастырады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы комиссиясы үміткер компаниялардың арасынан «Атлас Туризм», «Нұрхан Тревел», «Тауаф Тревел» және «Хикмет Тревел» ЖШС-лерін таңдады.
Туроператорлар қалай таңдалды?
Компаниялар бірнеше талап бойынша сынға түсті. Комиссия олардың бұған дейін қажылық пен ұмра сапарларын ұйымдастыру тәжірибесін, соңғы бір жылдағы жұмысын, ресми туркодтары мен лицензияларын ескерді.
Бұдан бөлек, әр компанияның қажылық сапарын ұйымдастыруға қаншалықты дайын екені және Сауд Арабиясы қойған талаптарды орындай алатыны тексерілді. Әр көрсеткішке балл беріліп, қорытынды нәтиже сол бойынша шығарылды.
ҚМДБ мәліметінше, мұндай іріктеу қазақстандықтардың қажылық сапарын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру үшін жүргізіледі. Туроператорлар Сауд Арабиясында қажыларға қойылатын талаптарды да сақтауға тиіс.
Байқаудан өтпеген компаниялар не істейді?
Іріктеуден өтпеген туристік компаниялар да қажылық сапарын ұйымдастыруға қатыса алады. Ол үшін таңдаудан өткен төрт туроператордың бірінің субагенті ретінде жұмыс істеуі керек.
Қажылыққа бөлінген орын саны да комиссия қойған балға қарай төрт туроператор арасында бөлінді. Осылайша, 2027 жылы Қазақстаннан қажылыққа баруды жоспарлаған азаматтарға «Атлас Туризм», «Нұрхан Тревел», «Тауаф Тревел» және «Хикмет Тревел» қызмет көрсетеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі