Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлдағы екі жылда Қазақстандағы барлық елді мекен ғаламтормен қамтылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Досжан Мұсалиев Сенатта өткен жиында айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазір еліміз бойынша 6 мыңнан астам ауыл бар. Соның 4850-і кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Ал 1049 ауыл байланыс аясынан тыс жерде. Онда 200 мыңға жуық адам тұрады. Мәселені шешу үшін «Қолжетімді интернет» жобасы әзірленіпті. Оны 2027 жылға дейін іске асыру жоспарланған. Осылайша ауыл халқы анықтама немесе субсидия алу үшін қалаға барып әуре болмайды.
Жоспар бойынша қазірдің өзінде 3G-ге қосылған, бірақ жылдамдығы өте төмен ауылдардың да мәселесін шешуге арналған жоба жасалды. Сонымен қатар жол бойындағы мобильді интернетті жақсарту жоспарланған. Ол үшін кем дегенде 387 байланыс бағанасы тұрғызылады. Бұл мақсатқа шамамен 120 млрд теңге инвестиция тартылады, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар