6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2026/2027 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының финалы Мадридтегі «Рияд Эйр Метрополитано» стадионында өтеді. Бұл туралы испаниялық COPE басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
«Рияд Эйр Метрополитано» – мадридтік «Атлетико» клубының аренасы. Олар 2017 жылы «Висенте Кальдероннан» көшкелі бері осы стадионда өнер көрсетіп келеді. Арена 1993 жылы салынған, сыйымдылығы – 70 692 көрермен.
Еске салайық, бұған дейін 2025/2026 жылғы маусымның финалы 30 мамыр күні Будапешттегі «Ференц Пушкаш» стадионында өтетіні жарияланған.
Қазіргі Чемпиондар лигасының иегері – испаниялық маман Луис Энрике жаттықтыратын «Пари Сен-Жермен». Өткен маусымдағы финалда француз клубы италиялық «Интерді» 5:0 есебімен тас-талқан еткен болатын.
Айта кетейік, биыл «Қайрат» клубы алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтіп, сенсация жасады. Алматылық ұжым 30 қыркүйекте өз алаңында «Реал Мадрид» клубын қабылдайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі