Кеше, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс2026 жылдың мамыр айында Вена қаласында 70-ші «Евровидение» ән байқауы өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Байқаудың ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, ORF телерадиокомпаниясы мен Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) Аустрия астанасын конкурс өтетін орын ретінде таңдаған. Финал 16 мамыр күні «Винер Штадтхалле» стадионында өтсе, жартылай финалдар 12 және 14 мамырда ұйымдастырылады.
Бұл – Венадағы үшінші «Евровидение». Бұған дейін қала байқауды 1967 және 2015 жылдары қабылдаған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Вена бұл көрсеткіш бойынша Копенгаген, Мальмё және Стокгольммен бірге төртінші орынға шықты. Ал ең көп байқау өткізген қалалар қатарында Дублин, Лондон және Люксембург бар.
Айта кетейік, «Евровидениенің» 69-маусымының финалы биыл 18 мамырда Швейцарияның Базель қаласында өтті. Қорытынды кезеңге 26 елдің өкілдері қатысты. Жеңімпаз атанған аустриялық орындаушы Йоханнес Питч көпшілікке JJ лақап атымен танымал. Әнші Wasted Love композициясымен 436 ұпай жинады: кәсіби қазылар алқасы оған 258 ұпай берсе, көрермендер дауысынан тағы 178 ұпай қосылды.
Екінші орынды 357 ұпаймен Израиль өкілі Юваль Рафаэль иеленді. Ол New Day Will Rise атты романтикалық балладаны ағылшын, француз және иврит тілдерінде орындады. Үшінші орынды Эстониядан шыққан Томми Кэш алды. Ол итальян тілінде Espresso Macchiato әнін шырқап, Израиль өкілінен небәрі бір ұпайға ғана қалып қойды (356 ұпай).
Кеше, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?