Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?2026 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы канадалық ақын әрі жазушы Энн Карсонға берілді. Лауреаттың есімін 8 қазанда Стокгольмде Швед академиясы жариялады. Швед академиясы 76 жастағы қаламгерді классикалық әдеби дәстүрді жаңаша зерделеп, қазіргі әдебиетке тың пішіндер әкелген батыл әрі жаңашыл шығармашылығы үшін марапаттады.
Энн Карсон кім?
Энн Карсон 1950 жылы Канаданың Торонто қаласында дүниеге келген. Ол ақын, эссеист, аудармашы әрі антикалық әдебиетті зерттеуші ретінде танымал.
Жазушы шығармаларында поэзия, проза, драматургия мен аударманы ұштастырады. Әсіресе ежелгі грек әдебиетіндегі сюжеттер мен кейіпкерлерді қазіргі заман тұрғысынан қайта пайымдауымен ерекшеленеді.
Оның белгілі еңбектерінің қатарында Autobiography of Red (1998), Nox (2010) және Float (2016) бар.
Нобель сыйлығының көлемі ұлғайды
Биыл Нобель сыйлығының алғаш табысталғанына 125 жыл толып отыр. Осыған орай Нобель қоры ақшалай сыйақыны 1 миллион швед кронына арттырды.
Нәтижесінде 2026 жылғы әр аталымның жүлде қоры 12 миллион швед кронына, яғни шамамен 1,2 миллион АҚШ долларына жетті.
Еске салайық, 2025 жылы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы венгр жазушысы Ласло Краснахоркаиге берілген болатын.
Нобель сыйлығын табыстау рәсімі дәстүр бойынша 10 желтоқсанда өтеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған. 1896 жылы дәл осы күні сыйлықтың негізін қалаған швед өнертапқышы Альфред Нобель қайтыс болған. Оның өсиетіне сәйкес тағайындалған сыйлықтар алғаш рет 1901 жылы табысталды. Содан бері лауреаттарды марапаттау рәсімі жыл сайын 10 желтоқсанда өткізіліп келеді. Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Норвегия астанасы Ослода, ал қалған аталымдар бойынша марапаттар Швецияның Стокгольм қаласында табысталады.
Айта кетейік, осы аптада Нобель сыйлығының медицина, физика және химия саласы бойынша иегерлері анықталған еді.
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?