Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2026 жылдан бастап жоғары оқу орындарының сапалық көрсеткіштерін жасанды интеллект бағалайды. Times Higher Education (THE) ұйымының тұрақты даму рейтингтеріне деректер ұсыну жөніндегі менеджері Клара Спустрк Бакуде өтіп жатқан Еуразия университеттері саммитінің екінші күнінде осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Oxu.Az-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Сарапшының айтуынша, автоматтандырылған бағалау үдерісі ірі тілдік модельдер (LLM) технологиясының көмегімен жүзеге асырылмақ. Алайда жүйе толықтай жасанды интеллектке ғана сүйенбейді – талдау жасай алмайтын немесе қолжетімді емес деректер арнайы белгіленіп, әрі қарай мамандардың қарауына жолданады.
Бұрынғы кезеңдерде кейбір университеттер дәлел ретінде тек сілтеме немесе бірнеше өтпелі беті бар веб-парақ ұсынып келген. Енді мұндай материалдар қабылданбайды, өйткені олар көрсеткіштерді растайтын қосымша мәлімет бермейді, – деді ол.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс