Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2026 жылдан бастап Еуропадағы бюджеттік әуе компаниялары ұшақтарда тұрып баратын жолаушыларға арналған орындарды енгізуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.
Аталған жоба үшін арнайы әзірленген жаңа үлгідегі орындықтардың таныстырылымы күтілуде.
Басылым мәліметінше, бұл бастама әуе тасымалы шығындарын азайтуға бағытталғанымен, жолаушылар арасында үлкен дау тудыруы ықтимал. Себебі бірнеше лоукостер компаниялар жолаушыларға отыру емес, тұруға мүмкіндік беретін орынды нұсқаларды қарастыруда. Бұл орындықтар ер-тоқымға немесе велосипед орындығына ұқсас жұмсақ тірекпен жабдықталған. Олар жолаушыларға толық отырусыз, денені сүйеп тұруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қауіпсіздік белдіктері де қарастырылған.
Идеяны 2026 жылы жұртшылыққа таныстыру жоспарланып отыр. Жобаны жасаған — Aviointeriors компаниясы. Олардың есептеуінше, жаңа форматтағы орындар әуе кемесінің жолаушылар сыйымдылығын 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Дегенмен, әзірге бұл ұсынысқа қатысты компания тарапынан ресми пікір берілмеген және ешбір бюджеттік әуе компаниясы бұл идеяны жүзеге асыратынын ашық мәлімдеген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін ер адам екі жастағы қызын көлігімен басып өлтіргенін жазған едік.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?