Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліПремьер-министр Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының сауалына берген ресми жауабында жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысына қатысты маңызды жаңалықты айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Келесі бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде еңбек ететін жаттықтырушы-оқытушыларға біліктілік шеберлігі үшін лауазымдық жалақысының 30%-ы мөлшерінде қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр.
Бұл мақсатта 2025–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 1,8 миллиард теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта Үкіметтің тиісті қаулысына толықтырулар әзірленіп, келісу процесінен өтуде, – деді Бектенов.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама аясында республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен спорт саласы қызметкерлеріне үстемеақы тағайындауға, ал ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға лауазымдық жалақысының кемінде 25%-ын құрайтын қосымша ақы төлеуге құқылы.
Айта кетейік, дене шынықтыру және спорт ұйымдарында қызмет ететін жаттықтырушылар азаматтық қызметшілер қатарына жатады. Үкімет қаулысына сәйкес, олардың жалақысы жыл сайын 20%-ке өсіп отыруы тиіс.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс