23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан халқына Жолдауда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл жұмысшылар жылы деп жариялады. Осыған орай Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза пікір білдіріп, бұл бастаманы қос қолдап қолдайтынын айтты, деп хабарайды El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Самат Нұртаза 2025 жылды жұмысшылар жылы деп жариялаудың себебі көп деп отыр.
Біріншіден, батыс өңірінде болған топан суда құтқарушылар, дәрігерлер, тағы басқа мамандар өздерін жақсы қырынан көрсетті. Президенттің алғысын алды. Сол себептен келесі жылы көптеген мамандық иелері лайықты түрде марапатталады деп ойлаймын. Екіншіден, қоғамда қарапайым жұмысшының беделін арттыру қажеттігі бар. Бизнесмен, коуч емес, құтқарушы, дәрігер мен мұғалімдер де беделге ие болу керек. Мұны президенттің атынан месседж деп білемін. Өз ісін, жұмысын адал атқарып жүрген адамдардың еңсесі көтеріліп қалады деп ойлап отырмын,-деді ол.
Мәжіліс депутаты жұмысшылардың жалақылары көтеріліп, жақсы сыйақы берілуі тиіс деген сенімде. Тұрмыстық жағдайын дұрыстау қажеттігін де алға тартты.
Демеушілер табылып немесе мемлекет пәтер сыйлап қалар, кім білсін? Биліктің қалай шешетінін білмеймін. Десе де елеусіз қалмайды деген ойдамын, -деп қорытындылады Самат Нұртаза.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік