7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Биыл Ұлттық архив қоры 300 мың сақтау бірлігіне көбейіп, қазіргі таңда 27,9 миллион бірлік сақталған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
2025 жылы архив қорларына 74 мың іс қосылды. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев архив құжаттарын цифрландырудың, Ұлттық цифрлық архив құрудың және оны отандық әрі шетелдік нейрожелі әзірлеушілеріне ашық қолжетімді етудің маңызын атап өтті. Бүгінгі таңда 2 624 404 сақтау бірлігі цифрланды, соның ішінде 123 мыңнан астамы жеделдетілген тәртіппен осы жылы сандық форматқа көшірілді.
Тарихи құжаттарды сақтау және оларды болашақ ұрпаққа табыстау — ең маңызды әрі жауапты міндеттердің бірі.
Құжаттардың тиісті деңгейде сақталуын қамтамасыз ету үшін олардың кәсіби өңделуі, консервациясы мен реставрациясы арнайы процестер арқылы жүзеге асады. Осы бағытта мамандар 10 мың сақтау бірлігіне тиесілі 150 мың бетті қалпына келтірді, - делінген мәліметте.
Бұған қоса, жыл өткен сайын пайдаланушылардың архив құжаттарына деген қызығушылығы артып келеді. 2024 жылы еліміздегі архивтер 2,2 миллионнан астам сақтау бірлігін пайдалануға ұсынса, биылдың өзінде 600 мыңнан астам сұраныс түскен.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?