2025 жылға дейін еліміздің балабақшаларында 223 мың жаңа орын ашылады

7 Тамыз 2023, 12:49 1113

Бүгінде еліміз бойынша 11320 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Онда 950-ден астам бала немесе кезекте тұрғандардың 89 пайызы тәрбиленуде. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық жобаны іске асыру жоспарына сәйкес 2025 жылға дейін 223 мың жаңа орын ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда 300 мыңға жуық бала кезекте тұрғанын ескерсек, бұл шаралар халықтың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қажеттілігінің 70 пайызын жабуға мүмкіндік береді, - деді Наталья Васильевна.

Оқи отырыңыз:

Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, соңғы 5 жылда балабақшаға жолдама алу кезегі 2,5 есеге азайған. Мұндай көрсеткіштерге жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуының нәтижесінде қол жеткізілді.

Жыл басынан бері 307 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Оның ішінде 30 мыңға жуық адамды қамтыған 304 жекеменшік ұйым бар. 2023 жылы Ұлттық жоба аясында 81 мың баланы қамтуды көздеп отырмыз. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп, - деді Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры. 

Ажар Лаубаева
Бөлісу: