Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЖол-көлік апатына түскен балалардың ата-аналары ұйымдастырушылар мен полицияға өзінің талап-тілегін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында ем алып жатқан балалардың ата-аналары бірнеше тілегін айтты.
Қазір ата-аналар балаларының амандығын тілеп отыр. Ал негізі жарысқа барар кезде балалар автобуспен тасымалдануы керек. Автобусқа полиция ілесіп жүруі керек,- деді Мұрат Идеген.
Балалардың бәрі Шұбарқұдық ауылындағы екі мектепте оқиды. Олар бұған дейін ауданда өткен жарыста жеңіп, іріктелген.
Балаларды апаруға қолхат бермедік. Жолақыға ақша алмады. Осы жолы ағайымыз тегін апарады деп мәз болып шықты. Оған дейін таксиге ақша беріп жүрдік. Бір көлікке 11 адамды тиеп алғаны масқара жағдай. Сонымен бірге әлеуметтік желіге жол апаты кезіндегі видео жарияланып кетті. Балалар үсіп-тоңып жатыр жерде. Ал адамдар түсіріп, таратып жіберген. Қаншама бала көріп, жылады. Кімнің дәті барып, түсіргенін білмеймін. Қызық көрген сияқты. Такси жүргізушісі деп ойлаймын түсірген. Тауып алып, жазалануын талап етеміз,- деді ата-ана Б.Карибаева.
Оның айтуынша, жол апаты таңертең болғанымен, ата-аналарға хабар түскі мезгілде жетті.
Айта кетейік, жол апаты болған жерге үш жерден жедел жәрдем жіберілді. Болгарка ауылынан 30 минутта жетті. Кейін Қарақобда мен Ақай ауылдарынан жедел жәрдем барды. Арада 40-45 минуттан соң облыс орталығынан да арнайы көлік барды.
Кеше кешкілік осы балалардың ата-аналарының таныстары, туыстары хабарласып, түрлі ақпарат берді. Облыстық білім басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасына, сосын аудан әкіміне хабарласып мән-жайды анықтадық. Бір баланың көз жұмып, бірнеше оқушының ауруханаға түскенін білдім. Бүгін бірден келіп, ата-аналарымен сөйлестім. Қазір бәрі амандығын тілеп отыр. Депутаттар бұған дейін тасымалдау туралы айтты. 2025 жылға дейін барлық мектеп автобуспен қамтылады. Жүйелі түрде атқарылатын жұмыс, - деді облыстық мәслихаттың депутаты Жұлдыз Қожабекова.
Жарыс кеше №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде басталған. Мектеп өкілдерінің айтуынша, үш ойыннан соң, яғни, түскі мезгілде жарыс тоқтатылып, командалар таратылды. Олар мұны жол-көлік апатының болуымен байланыстырады.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды