10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҮкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев моноқалаларды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда 5 моноқалада ауыз сумен қамту деңгейі 91%-дан жоғары. Олар 2025 жылдың соңына дейін 100% қамтамасыз етілетін болады. Моноқалалардағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 2,8 мың шақырымды құрайды. 2023 жылы 173 шақырым жылу желілері жөнделді. Биыл 57,6 шақырым желіні жөндеу жоспарланған. Қосымша 86,3 шақырымды жөндеу жобалары бар. Сондай-ақ Екібастұз қаласында 9 шақырым желіні қайта жаңғырту бойынша 4 жоба әзірленуде, — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы Қанат Шарлапаев.
Сонымен қатар бүгінгі таңда әкімдіктер 18 моноқалада кәріздік тазарту құрылыстарын салу және қайта жаңарту бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеуде. Жобалар Републикалық бюджет, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және халықаралық қаржы ұйымдары есебінен қаржыландырылатын болады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді