6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2024 жылы Қазақстан халқының туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,44 жасты құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 75,09 жыл деңгейінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 76,14 және 74,26 жас.
Гендерлік тұрғыдан алғанда, 2024 жылы әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы 79,42 жас (2023 ж. – 79,06), ерлер арасында 71,33 жасты (2023 ж. – 70,99 жас) құраған. Туған кезде күтілетін ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматыда тіркелген – 78,78 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 72,48 жас, - делінген мәліметте.
Туғандағы күтілетін өмір сүрү ұзақтығы – бұл белгілі бір жылы туылған адамның орташа өмір сүру ұзақтығын көрсететін статистикалық көрсеткіш, бұл ретте ұрпақтың бүкіл өміріндегі өлім-жітім деңгейі осы көрсеткіш есептелген жыл деңгейінде өзгеріссіз қалу шарты бар.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі