28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТуризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен министрліктің кеңейтілген аппараттық кеңесінде туризм саласының негізгі көрсеткіштер тыңдалып, отандық туризм саласының даму бағыттары мен өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, Ербол Мырзабосынов туризм индустриясындағы оң өзгерістерді атап өтіп, ішкі және сыртқы туристік ағынның тұрақты өсіп келе жатқанын жеткізді. Мәселен, былтырғы 9 айдың көрсеткіші бойынша ішкі туристер саны 562 мыңға көбейіп, 6 млн адамға жетті. Шетелдік туристер легі 11,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Оның ішінде 969 мың шетелдік орналастыру орындарына тоқтаған.
Былтыр мемлекет басшысы отандық туризмді дамыту мәселесіне арналған арнайы кеңес өткізген болатын. Сол жиында президент туризмді дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берген еді. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – президент тапсырмаларының орындалу барысын және өңірлік туризмнің мәселесін талқылау, – деді министр.
Кеңесте өңірлерде кездесетін өзекті мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары қарастырылды. Әсіресе, туристік инфрақұрылымды дамыту, жаңа бағыттарды ашу, мемлекеттік қолдау шаралары арқылы кәсіпкерлікті ынталандыру сияқты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша еліміздің туристік әлеуетін арттыру, инвестиция тарту және халықаралық нарықтағы Қазақстанның беделін нығайту мақсатында нақты тапсырмалар берілді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?