22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды2024 жылы шамамен 673 миллион адам аштықтан зардап шексе, тағы 2,3 миллиардқа жуық адам азық-түлік тапшылығын сезінген. Бұл туралы БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясының төрайымы Анналена Бербок мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгінде аштық пен азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты көрсеткіштер өте жоғары деңгейде қалып отыр. 2024 жылы шамамен 673 миллион адам аштыққа ұшырады, ал 2,3 миллиард адам орташа немесе ауыр дәрежедегі азық-түлік тапшылығын бастан кешті, – деді Бербок.
Оның айтуынша, бұл мәліметтер БҰҰ-ның Жаһандық аштық пен кедейлікке қарсы альянсы көшбасшыларының алғашқы кездесуі барысында айтылған. Кездесу БҰҰ-ның әлеуметтік даму жөніндегі саммиті қарсаңында Катар астанасында өтті.
Анналена Бербок қазіргі таңда климаттық өзгерістердің салдарынан әлемде аштық пен кедейліктің жаңа ошақтары пайда болып жатқанын айтып, оған мысал ретінде Сахель аймағын келтірді:
50 жыл бұрын бұл жерде мақта өсірілетін. Ал қазір климаттың тұрақсыздығы аштық пен кедейлікке әкелді. Бұл – зұлым шеңбердің басы. Климаттың өзгеруі аштық пен кедейлікке себеп болады, ол өз кезегінде көші-қон мен қақтығыстарды өршітеді, ал соғыстар қайтадан аштық пен кедейлікті күшейтеді, – деді ол.
Сондай-ақ Бербок аштықпен күрес – бұл қайырымдылық емес, қауіпсіздік мәселесі екенін атап өтті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев