12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізде коммуналдық қызмет тарифтерінің қалай өзгеретіні туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Келер жылдың екінші жартыжылдығынан бастап тиісті өзгерістер болады. Өйткені субъектілер жұмысын жаңартып, желілерін жаңартуы қажет. Президент сайлауалды бағдарламасында тиісті көрсеткіштерді белгіледі. Есептеулер аясында біз тозған желілер көрсеткішін 15-20%-ға азайтамыз. Тариф өседі, басқа жол жоқ. Ең күрделі нысандарды бірінші кезекте назарға аламыз. Олар жан-жақты зерттеліп жатыр. Осыған байланысты тиісті тарифтерді көтеру мәселесі қарастырылады», - деді ол Сенат отырысында
Министрдің айтуынша, Екібастұзда субъект тарифті 2,5 есеге көтеруді ұсынған.
«Әрине, ондай деңгейге көтеру мүмкін емес. Сондықтан біз оны әлі де талқылаймыз. Тарифтерді көтеру аясында халықтың жағдайы ескерілетін болады. Тұтынушыларға қиындық туғызбас үшін мәселе жан-жақты қарастырылады», - деді Әлібек Қуантыров.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер