28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақ халқы балаға ат қоюда оның мағынасына ерекше мән берген. Бұл үрдіс қазір де бар. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең жиі қойылатын есімдердің арасында түркі жне арабтан шыққан аттар көбірек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен, 2023 жылы қазақстандықтар балаларына көбірек қандай есімді таңдады?
Ұлдар
Жаңа туған ұлдарға жиі қойылатын есімдер:
Рамазан (1281);
Әлихан (1061);
Омар (953);
Айсұлтан (961);
Әмір (774).
Сонымен қатар 458 сәбиге ИбраҺим есімі берілсе, 511 баланың аты Хамза деп аталған.
Бұлардан бөлек Алдияр, Мұхаммед, Әли, Нұрислам, Алан, Арсен, Ислам, Әлинұр есімдері де танымал, - делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметте.
Қыздар
Қыздар арасында ең жиі қойылатын есімдердің көшін Медина бастап тұр:
Медина (2310);
Айша (1644);
Айлин (1442);
Асылым (1353);
Раяна (1302).
Сондай-ақ Аяла, Сафия, Томирис, Әмина, Айым, Мариям, Кәусар, Айкөркем және Айару да танымал есімдердің қатарына енген.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?