Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСолтүстік Қазақстан облысында 2023 жыл «Мағжан жылы» болып жарияланды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өңірде ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегерлері марапатталды.
Биыл Қызылжар тумасы, ақиық ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. Осыған орай өңірде мерейтойға орай іс-шаралар өтіп жатыр.
СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 1-10 ақпан аралығында «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы жарияланды. Оған еліміздің барлық өңірінен 20-50 жас аралығында 90 ақын шығармаларын ұсынды. Ереже бойынша мүшәйраға Мағжанның ақындық, қайраткерлік тұлғасын паш ететін бір өлең, еркін тақырыптағы бір өлең ұсынылған.
Сондай-ақ салтанатты кеште осы жыл өңірде Мағжан жылы деп жарияланды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары