30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстан музейлеріне 2022 жылы көрермендер 6,1 млн рет барған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанның мұражайларына көрермен 6 097 мың рет барса, 2021 жылы 5 104 мың рет болған.
Мұражайларға барушылардың басым бөлігі Түркістан облысында – 1 492 мың келуші, одан кейін Астанада – 643 мың келуші және Шығыс Қазақстан облысында – 564 мың, барушылардың саны Шымкент қаласының музейлерінде ең аз – 43 мың, - делінген мәліметте.
Сарапшылар мұны Шымкентте мұражайлардың санының аздығымен түсіндіреді, себебі шаһарда небәрі 5 музей бар.
Жалпы 2023 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда барлығы 271 мұражай жұмыс істесе, бір жыл бұрын олардың саны 7 бірлікке кем болған. Мұражайлар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 27 мұражай, Ақтөбе облысында 20 мұражай және Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысының әрқайсында 19 мұражайдан.
271 мұражайдың 48-і – тарихи, 109-ы – өлкетану, 65-і – мемориалдық, тағы 14-і – қорық мұражай, 11-і – өнертану және т.б. Айта кету керек, 4 мұражай жекеменшік, қалғаны – мемлекет меншігінде, - дейді бюродағылар.
Қазақстандағы мұражайларда барлығы 2,6 миллион экспонат сақтаулы.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды