Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өндірістік жарақаттануды талдау нәтижесінде ұйымдарда жыл сайын бір мыңнан астам жазатайым оқиғаға жол берілетінін, оның екі жүзден астамының соңы өліммен аяқталатынын көрсетті.
2022 жылы республика кәсіпорындарында 1465 адам зардап шегіп, оның 203-і қаза тапты. Жыл сайын статистика органдары еңбек жағдайлары бойынша іріктеп тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша 2022 жылы зерттелген 1,6 млн жұмыскердің 386 мыңы немесе әрбір төртіншісі (21,3%) зиянды факторлардың әсерінен, соның ішінде шу мен діріл деңгейінің жоғарылауынан әрбір екінші адам (46,8%), жұмыс аймағының жоғары газдануы мен шаңдануының әсерінен – әрбір үшінші (33,2%) және қолайсыз температуралық режимнің кесірінен – әрбір алтыншы (16,7%), ауыр дене еңбегімен айналысқан 102,7 мың адам (6,1%) зардап шегіп, зиянды жұмыс жағдайларында еңбек еткен.
Еңбек жағдайлары мен зиянды жұмыс орындарының санын азайтуға жұмыс берушілер тарапынан әлсіз қызығушылық білдіруіне байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, ел кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.
Еңбекті қорғаудың жаңа идеологиясы биылғы 19 маусымда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бекіткен Қазақстанда қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде мұқият пысықталып, белсенді талқылануда.
Салалық еңбекті қорғау ҒЗИ базасында Жобалық офис құрылып, оның құрамына 150-ге жуық маман кірді. Жұмыс Тұжырымдама жобасында көзделген 6 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Тұжырымдама жобасының барлық новеллалары Қазақстанда жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын іске асыруды және ел экономикасында жұмыс істейтін еңбек ресурстарын үнемдеуді қамтамасыз ететін, еңбекті қорғауды басқарудың тәуекелге бағдарланған ұлттық жүйесін дамытуға бағытталған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?