30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМәжілістегі Үкімет сағатында депутат Нұртай Сабильянов бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, елімізде 2023 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында 587 млрд теңге көлеміндегі 163 жаңа жоба іске асырылған. Бірақ олар толық шамада жұмыс істемеген.
Депутат осы жобаларға қатысты талдау жасағанын атап өтті.
«Маслодел» ЖШС 2021-2023 жылдары әртүрлі қаржы көздерінен («Өнеркәсіпті дамыту қоры» (2021 ж. – 2,5 млрд, 2022 ж. – 547,7 млн), «Даму банкі» (2021 ж. – 13,3 млрд, 2022 ж. – 3,7 млрд, 2023 ж. – 6,7 млрд), «Қазақэкспорт» (2021 ж. – 4,2 млрд, 2023 ж. – 5,0 млрд) 36 млрд теңге алды. Оның ішінде «Қазақэкспорттан» 2021 жылы алынған 4,2 млрд теңге қазандық жабдығын сатып алуға бағытталды, ол осы уақытқа дейін Қазақстанға да келген жоқ, - деді депутат.
Депутаттың сөзінше, компаниялардың басым бөлігі бірнеше жыл ішінде мемлекеттік қолдауды бірден бірнеше даму институтынан алып келеді. Мысалы, «KamLitKZ» ЖШС (Камлит - коммерциялық техникаға арналған автокомпоненттер өндірісі) соңғы үш жылда тек «Өнеркәсіпті дамыту қорынан» 141,5 млрд теңге алған. Алайда шығарған өнім көлемі туралы ақпарат жоқ. Сол сияқты бұрыннан бері жасап келе жатқан «KamaTyresKZ» ЖШС (Кама Тайрс – шиналар шығару) «Өнеркәсіпті дамыту қорынан» 65,7 млрд алса да, шығарылған өнімнің нақты көлемі туралы ақпараты жоқ.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды