Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАбай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар аралас жаңбыр) күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында 2 градус үсік жүреді.
Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ болжанып отыр. Солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс желі күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында 23 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысындағы Алакөл аумағында солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 30 м/с және одан жоғары болады. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 28 м/с артады.
Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 23 м/с дейін артады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күндіз жылдамдығы 23 м/с артады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болжанады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман болып, өңірдің онтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде 2 градус үсік сақталады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс