Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков Қазақстанға кейбір көліктерді әкелуге енгізілетін шектеулер туралы түсіндірме берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Андаковтың айтуынша, 2025 жылғы 20 қазаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер күшіне енеді.
23 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия 74 актіге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл өзгерістер автокөліктерді Қазақстан аумағына әкелу тәртібін нақтылайды. Енді жеке тұлғалар арнайы техниканы елге әкеле алмайды. Мұндай көліктерді тек заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ғана әкеле алады. Ол үшін Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жарамды қауіпсіздік сертификатын алу қажет, - деді комитет өкілі.
Сонымен қатар, жеке тұлғалар 20 қазаннан кейін бұрын пайдаланылған арнайы техника мен автобустарды елге кіргізе алмайды. Бұл шектеу жеңіл автокөліктерге қатысты емес.
Яғни, арнайы техника мен автобустарды тек тиісті сертификаты бар заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер ғана импорттай алады, ал жеке тұлғалар үшін мұндай мүмкіндік болмайды.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді