Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліІшкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев Республика күні қарсаңында күзет күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
24-26 қазан аралығында жеке құрамның қызметі күшейтілген режимге ауысады. Әкімдіктермен бірлесіп мәдени іс-шаралар өтетін орындар белгіленді, - деді Айдын Оразбаев.
ІІМ өкілі қоғамдық тәртіпті бақылау күштері дайын екенін атап өтті.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген. Адамдар көп жиналатын және демалатын орындарда полиция жасақтары болады. Сонымен қатар адамдар жиі шоғырланатын орындар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары мен визуалды бақылауға алынады. Ахуалды мониторинг үшін жедел штаб жұмыс атқарады. Штабтар барлық өңірде ашылады, - дейді ол.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс