28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар2023 жылы 14 қарашада еліміздің халық саны 20 миллионға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев 20 миллионыншы азаматтың туған күні барлық қолда бар демографиялық оқиғаларды, елімізде туғандар мен көшіп келгендердің санын және қайтыс болғандар мен көшіп кеткендердің санын ескере отырып айқындалғанын айтты.
Естеріңізге салсақ, Ұлттық статистика бюросы 1 қарашада халық саны туралы мәліметтерді жариялады. Ол биылғы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 19 967 964 адам болды. Яғни 20 миллионға дейін 32 мыңнан астам адам жетпеді.
Бұған дейін деректер қолмен өңделіп, қосымша уақытты қажет ететін. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы бұл процесті жеделдетуге және мерейлі көрсеткішті аз уақыт ішінде анықтауға мүмкіндік берді. 13 қараша күнгі жағдай бойынша біз 20 миллионға жету үшін 277 адам қалғанын анықтадық, - деді Мақсат Тұрлыбаев.
Халық деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада сағат 08:10-да еліміздің әртүрлі ауданында бір уақытта дүниеге келген 5 бала 20 миллионыншы азамат ретінде анықталды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Түркістан және Ақмола облыстарында дүниеге келген. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар.
Жалпы, демография динамикасына келсек, тәуелсіздік алған жылы Қазақстанда 16,4 млн адам болды. Бүгінде халық саны 22 пайызға өсті. Халықтың ең көп өсуі Түркістан, Шымкент және Маңғыстау облыстарында байқалды. Олар 22 пайыздан 24 пайызға дейін өсті.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында бала туу мәні 2019 жылдан бері өсіп, ең жоғары мәні 2021 жылы тіркеліп, 446 мың бала өмірге келген. Көші-қонның ең жоғары көрсеткіші 2006 жылы болған. Биылғы жылдың деректерінше, 9 айда дүниеге келген 291 мың адам, осылайша халықтың табиғи өсімі 194,8 мың адамға жеткен. Бұл орташа есеппен бір айда 22 мың адам немесе күніне шамамен 750 адам дүниеге келеді деген сөз, - деді Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары.
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша миграцияның оң көрсеткіші байқалған, атап айтқанда, 6404 адам. Яғни сыртқа көшіп кеткеннен гөрі елімізге адам көбірек көшіп келген. Халықтың ең көп саны Түркістан облысында – 2,1 млн, Алматы облысында – 1,5 млн, Жамбыл облысында 1,2 млн адам тұрады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?