13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызМемлекеттік қызметкерлер жолды күтіп ұстайтын мердігер мекемелердің жұмысын тиісті деңгейде қадағаламаған, деп хабарлайды El.kz Хабар24 арнасына сілтеме жасап.
Жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарда көптеген кемшіліктер анықталып отыр. Мәселен, дер кезінде қардан тазартылмай, мұз бетіне инертті материалдар себілмеген. Асфальт та сапасыз, тиісті белгілер де орнатылмаған. Полицейлер облыс ішіндегі 32 мың шақырымға жуық жолды тексеріп, анықталған кемшіліктерді жою туралы мың жарымнан астам ұйғарым берген. Әкімшілік іс аясында 210 лауазымды тұлғаға 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
"Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың ішінде әртүрлі деңгейдегі 20 әкім бар. Сонымен қатар автомобиль жолдары басқармасының басшысы бар, орынбасары бар және лауазымды тұлғалар бар. Олар өз құзырында ұйымдастырып, мердігер мекемелермен бірге осы шұқырларды бітеп, жолдарды күтіп ұстауына жауапты тұлғалар ретінде әкімшілік шараға тартылды", - дейді облыстық Полиция департаментінің бөлім бастығы Еркін Өтеген.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды